«Қолыңызды көтеріңізші, өтінемін». Сыпайы ұры Астанадағы ақша айырбастау нысанына басып кірген
- авторМағжан Орынбасар
- 1 мамыр, 2024
- 1.7k
Елордалық полиция ақша айырбастау пунктіне басып кірген басбұзарды ұстады. Айласын асыра алмаған ұрыдан ойыншық қару тәркіленген,- деп жазады Jambylinfo.kz.
Астанадағы ақша айырбастау пункті әлеуметтік желідегі парақшасына ұрының кассаға шабуыл жасаған бейнежазбасын жариялады.
Барлық клиенттерден дауысты немесе шабуылдаушыны анықтауға көмектесуін сұраймыз. Барлық ақпаратты 102-ге жіберуді сұраймыз. Көмектескеніңіз үшін рахмет!!!,-деп жазған жәбірленуші тарап.
Бейнежазбада ұрының сыпайылық танытып «қолыңызды көтеріңізші, өтінемін», «ақшаны лақтыра салыңызшы, ренжімеңіз» дейтін сөздерін естуге болады. Бірақ, кассадаға азаматша дағдарып тұрмай, дабыл түймесін дер кезінде басқан. Осылайша оңай олжаға кенелгісі келген ұрының жоспары ойран болған.
Дереккөздерге сүйнесек, полиция күдіктіні ұстаған. Одан ойыншық қару тәркіленген.