дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Өлуге болмайды». Қазақстанда жерлеу рәсімінің бағасы шарықтады

«Өлуге болмайды». Қазақстанда жерлеу рәсімінің бағасы шарықтады
Фото - ашық дереккөзден
Өткен жылы жылы жерлеу қызметіне жүгінетіндердің саны 43% - ға қысқарған

Finprom сайтының хабарлауынша, Қазақстанда жерлеу рәсімдерінің құны қымбаттап кеткен. Батыс Қазақстан облысында мұндай қызметтің бағасы 39,4% – ға шарықтаған, деп жазады Jambylinfo.kz  ақпарат агенттігі
Жерлеу рәсімдерінің саны 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылдың қаңтар-желтоқсанында 43% - ға қысқарған. Бұл шамамен 7,9 миллиард теңге болады.  
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қайтыс болғандар санының 2022 жылмен салыстырғанда 3% - ға төмендеуіне қарамастан, cалттық қызметтердің рәсімдерінің құны өскен.
2024 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша мұндай қызметтердің бағасы бір айда 0,1% - ға және бір жылда 13% - ға қымбаттаған. Ал бір жыл бұрын осы қызметтің бағасы тіпті 24,6% өскен.  
Егер жекелеген өңірлерді алып қарайтын болсақ Қазақстанның 20 өңірінің жетеуінде жерлеу қызметінің құны 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда өзгеріссіз қалды. Бірақ,  Батыс Қазақстан облысында бағалар 39,4% – ға, ал Абай және Астана облыстарында 30,5% - ға және 30,3% - ға өскен. Басқа өңірлермен салыстырғанда баға Жамбыл облысында 1,2% және Алматыда 1,7% қымбаттап өзгеріссіз қалды деуге болады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар