«Қасым ханнан» ұрланған 30 миллион теңге қайда кетті?
- авторjambylinfo.kz
- 27 қаңтар, 2021
- 407
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясындағылар «Қасым хан» сериалының түсірілімінде 30 миллион теңгеге жуық қаражат ұрланғаны туралы ақпаратқа жауап берді.
«Қасым хан» тарихи сериалының продюсері Қуаныш Ахметов болған. Бастапқыда фильмді Метин Гюнай есімді түрік режиссері түсіруі керек болған, бірақ артынша ол бас тартқан. Түсірілім ақыры басталмаған. 2020 жылы жоба тұжырымдамалық форматын өзгертіп, "Ұлы дала таңы" болып өзгеріп, толықметражды көркем фильм болып өзгерген. Жаңадан жиналған түсірілім тобын Ақан Сатаев басқарды. Бүгінде түсірілім жұмыстарына дайындық басталды.
«Ұлы дала таңы» жобасының атына келтірілген нұқсанды жою мақсатында біз сериал мен толықметражды фильм екі бөлек екенін атап өтеміз», деді «Қазақфильм» баспасөз қызметінің өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін «Қасым хан» сериалының түсірілімінде 30 миллион теңгеге жуық қаражат ұрланғаны хабарланған болатын.
«Тергеу барысында қызметтік жағдайын пайдалана отырып, «Қасым хан» тарихи сериалының түсірілімінде қолдану үшін пиротехника сатып алуға бөлінген 29,9 миллион теңге сомасындағы бюджет қаражатының ұрланғаны дәлелденді. «Қазақфильм» АҚ-қа келтірілген залал сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде толық көлемде өтелді», делінген хабарламада.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
ДСҰ: Өтпелі кезең аяқталды
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін қазақтың аңыз әншісі Бибігүл Төлегенованың туған күні
- авторjambylinfo.kz
- 16 желтоқсан, 2024