дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 4:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Айша бибі, Қарахан кесенелеріне түсетін миллиондаған қаражат қайда жұмсалады

Айша бибі, Қарахан кесенелеріне түсетін миллиондаған қаражат қайда жұмсалады
Айша бибі, Қараған кесенелері. Тараз. Коллаж авторы Ернар Балғабай
Жамбыл облысындағы 30 тарихи орынның кіріс-шығысын «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы есептейді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мекемесінің басшысы Берік Жүсіптің айтуынша, былтыр  кәсіпорынға қарасты 30 тарихи орынға 119 мыңнан аса турист келген. Кәсіпорын басшысының сөзіне сүйенсек, осы 119 мың туристке тегін және ақылы негізде 169 экскурсия ұйымдастырылған.  

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 254 бұйрығының 27-қосымшасына сәйкес, нысандарға кіру ақылы. Билет құны ересектерге 200, растайтын құжатын ұсынған жағдайда студенттер мен зейнеткерлер үшін 100, мектеп жасындағы балаларға 50 теңге.  Көп балалы аналар мен мүгедектігі бар жандарға растайтын құжатын ұсынған жағдайда, жеңілдік ретінде нысандарға тегін кіру қарастырылған",- деді Берік Жүсіп.

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мекемесінің басшылығы берген мәлімет бойынша былтыр тарихи орындарға келген адамдардан 16 миллион 782 мың теңге түскен. Бұл қаражат кәсіпорынның шаруашылық шығындарына жұмсалған.

"2023 жылға ақылы қызметтен түскен қаражат шығыны – 17 миллион  527 мың теңге. Оның ішінде: 6 штаттан тыс қызметкерлердің еңбек ақысы, барлық әлеуметтік салық төлемдерімен – 10 миллион 406 мың теңге;  іссапар шығындары – 1 миллион 578 мың теңге; негізгі қорлар сатып алу шығындары – 1 миллион 039 мың теңге; материалдар сатып алуға – 1 миллион 072 мың теңге; өзге де салық төлемдері – 598 мың теңге; іс-шаралар өткізу – 1 миллион 213 мың теңге; өзге де шаруашылық шығындары – 1миллион  618 мың теңге болды",-деді Берік Жүсіп.

Кәсіпорын басшылығына тарихи орындарды жөндеуге бөлінетін қаражат бойынша сұрақ жолдадық. Алайда бұған жауап ашып жазылмаған. Тек кәсіпорын тарапынан ұсыныс беру арқылы ескерткіштерді «Қазқайтажаңарту»  ШЖҚ  РМК кәсіпорны жөндейді деп жазылған.  Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу порталындағы деректерге сүйенсек, «Айша бибі» кесенесінің алдына дүңгіршек сатып алынған.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және 2023-08-29 № 10556964-ЗЦП1 Бағалы ұсыныстарға сұраным тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде «Айша бибі» кесенесінде орналасқан кассаларға арналған модульдік ғимаратты дайындау мен орнатуға 1 400 000 теңге жұмсалды. Дәл осындай бағада «Қарахан» кесенесіне де кассаларға арналған модульдік ғимарат орнатылды,- деді кәсіпорын басшылығы.

 

 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар