жексенбі, 7 шілде, 2024 11:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бас жүлде – Нұржан Қадірәліде!

Бас жүлде – Нұржан Қадірәліде!
ашық дереккөзі
Бас жүлде – Нұржан Қадірәліде!

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының» ұйымдастыруымен «Шынның жүзі – Шераға» атты облыстық жыр мүшәйрасы ұйымдастырылған болатын. Ұлт руханиятының абызы, шындықтың шырақшысы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы Шерхан Мұртаза мұрасын дәріптеу, ұлттық поэзиямызды насихаттау, ата дәстүр рухын ұлықтау мен жастардың шығармашылығын шыңдауға арналған жыр аламанына 15-30 жас аралығындағы 29 ақын қатысқан. Қатысушылар Шерхан Мұртазаға арнауы мен Жамбыл облысының тарихи-табиғи келбетін жырға қосып, өз өлеңдерін жолдаған.

Бүгін аталмыш мүшайраның қорытындысы шығып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ілесбек Амалов және жазушылар, облыстың зиялылар – Елен Әлімжан, Несіпбек Дәуітай, Қайырбек Асанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, облыстық «Ақ жол» газетінің редакторы Оралхан Дәуіт, Жазушылар одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, ақын Хамит Есаман қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде – "ARAI" газетінің бөлім меңгерушісі, дарынды ақын Нұржан Қадірәліге бұйырды. Оған  өзінің жыр жинағын баспадан шығаруға арналған сертификат берілді. І орынға Облыстық халық шығармашылығы орталығының редакторы Елдар Боранбек лайық деп танылса,  ІІ орынды Мойынқұм аудандық әлеуметтік шектеулі балалармен жұмыс орталығының қызметкері Ақмарал Акбарова иеленді. ІІІ орынға Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталғының кіші ғылыми қызметкері Дидар Апбасов және Қаратау қаласының А. Байтұрсынұлы атындағы гимназияның қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Әсел Бұралқы табан тіреді.

Сонымен қатар мүшәйраға белсене қатысып, өз бағын сынаған жақсы 5 ақынға ынталандыру сыйлықтары, қатысушыларға естелік сыйлықтар таратылды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар