жексенбі, 7 шілде, 2024 18:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Батырдың құрметіне "Даңқ" залы ашылды

Батырдың құрметіне "Даңқ" залы ашылды
ашық дереккөзі
Батырдың құрметіне "Даңқ" залы ашылды
Халқымыздың арғы-бергі тарихында ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен, қол бастаған батырлар аз болған жоқ. Бірақ солардың бәрінен Бауыржан Момышұлының орны да өзгеше, атағы да айрықша, тұғыры да биік. Себебі, Бауыржан қатысқан екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихына әлемнің 70-тен астам елі қатысқан ең алапат соғыс болып енді. Ол батылдық пен батырлықтың ғана емес, әскери өнер, соғыс тактикасы, ақыл-ой мен білім-біліктің арпалысқан, бес құрлық пен төрт мұхитта адамзат жан алысып, жан беріскен, жер жаһанды қамтыған ғаламат соғыс болды. Биыл Бауыржан Момышұлының туғанына – 110 жыл. Осы айтулы мерейтойға орай батырдың есімі берілген мектеп-гимназияның ауласында салтанатты шара өтті. Әуелі жиналған көпшілік даңқты қолбасшыны, ол бастаған батырларды, олардың ерлігін бір минут үнсіздікпен еске алды. Онан соң аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев бастаған топ батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Бұдан кейін Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Жақсылық Сәлемов салмақты сөз сабақтаса, жас ақын Әйгерім Орынбасар батыр Бауыржанға арнауын мәнерлеп жатқа оқыды. Әрі қарай көпшілік мектеп жанындағы «Даңқ залының» ашылу рәсіміне қатысты. Залдың кермесін батырдың нағашысы Қалдыкүл Жанболқызы мен Жақсылық Сәлемов қиды. Мұнан соң мектеп оқушысы, жас зерттеуші Мөлдір Тоқтасын залдан орын алған даңқты қолбасшының өмірінен сыр шертетін жәдігерлерге, қолжазбаларына шолу жасап, өмірдерегінен құлағдар етті. Бұдан кейін Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған «110 кітап» акциясына қатысып, үздік деп танылған мектеп оқушылары – Мөлдір Тоқтасын бірінші, Әйгерім Орынбасар екінші, Мирас Кеңес үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар