сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 19:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Шолақтау» кенішінде кездесу өткізді

«Шолақтау» кенішінде кездесу өткізді
ашық дереккөзі
«Шолақтау» кенішінде кездесу өткізді

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Ү.Битенова, Т.Капсаланов, Е.Әнетбаев және Р.Сарсеков үгіт-насихат жұмыстарының барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатымен «Шолақтау» ТКӨК бастауыш партия ұйымы мүшелерімен және қызметкерлерімен кездесу өткізді. Шара барысында үміткерлер электораттарға «Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалдындағы бағдарламасында айқындағанын жеткізді.

Атап айтар болсақ, тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша «Nur Otan» партиясы 2021-2025 жылдар аралығында 5 инвестициялық жобаны іске асырып, 750 жаңа жұмыс орындарының ашылуына, Натрий цианидінің экспортын 6 мың тоннаға дейін ұлғайтуға, тоқсан сайын бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыра отырып, жыл сайын мемлекеттік мекемелер мен шағын және орта бизнес субъектілеріндегі бос жұмыс орындарына 1200-ден кем емес адамды жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарына жыл сайын 130-дан кем емес адамды, жастар тәжірибесіне- 74 кем емес және ақылы қоғамдық жұмыстарға – 200-дей адамды жұмысқа орналастыруға ықпал ететіні туралы сөз болды.

Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жыл сайын бизнесті дамытуға арналған 70 шағын несиеден кем емес беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, төрт жақты келісім шартқа сәйкес жыл сайын 30-дан кем емес жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді кәсіби оқытудан өткізуге партия өз үлесін қосатыны да назардан тыс қалмады.

Ауданның табысты дамуының кепілі мәселелерді шешу үшін ортақ мүдделермен біріккен азаматтардың белсенділігі болып табылатыны сөзсіз. Осы орайда кандидаттар ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есеп берушілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиістігін тілге тиек етті. Партия тарапынан бұл істі ілгерілету үшін кәсіпкерлердің онлайн бақылау-кассалық аппараттарды пайдалануы есебінен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі бар сауда объектілерінің желісін кеңейтуге, төртінші деңгейдегі бюджет қаражатын бөлу кезінде жергілікті қоғамдастықты барынша тартуға және аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша іс-шараларды өткізуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту жұмыстары жүргізілетіні айтылды.

"Nur Otan" партиясы Талас аудандық Сайлау қорынан төленді

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар