Мәдениет
Әбу-Дабиде «Абай» ақпараттық-мәдени орталығы ашылды
- авторjambylinfo.kz
- 24 қыркүйек, 2020
- 303
Әбу-Дабиде «Абай» ақпараттық-мәдени орталығы ашылды
«Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді. Оның шығармаларындағы ой-тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі.» ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақ халқының ұлы классигі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Біріккен Араб Әмірліктерінің ресми астанасы - Абу Даби қаласында «Абай» ақпараттық-мәдени орталығы ашылды.
Орталықтың ашылу салтанатына Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ҚР Елшісі Меңілбеков Мадияр Смаділұлы, Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Үмітхан Мұңалбаева Дәуренбекқызы, кітапханашылар, зиялы қауым өкілдері, бұқаралық ақпарат өкілдері және Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Елеусізқызы да қатысып, өз үлесін қосты.
Ақпараттық-мәдени орталықта «Абай» романының шыққан алғашқы басылымдары, Абай туралы шығармалар мен суретшілердің құжаттары, мұражайлар және ескерткіштер туралы мәліметтер, Хакім Абайдың бейнесін салған белгілі суретшілердің репродукцияларының көшірмелері мен иллюстрациялық кітап және фото көрмелері кітапсүйер оқырмандарға ұсынылуда.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Құс тұмауы. Оңтүстікте құстар қырылып жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
Бүгін қазақтың аңыз әншісі Бибігүл Төлегенованың туған күні
- авторjambylinfo.kz
- 16 желтоқсан, 2024