дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ертең – алғыс айту күні. Бұл күнде кімдерге алғыс айту керек

Ертең – алғыс айту күні. Бұл күнде кімдерге алғыс айту керек
1 наурыз - алғыс айту күні. Коллаж: Ернар Балғабай
Биыл Қазақстанда алғыс айту күні тоғызыншы рет өтеді

Ертең, 1 наурыз, көктемнің алғашқы күнінде халқымыз бір-біріне алғыс айтып, ең асыл тілектерін арнайды. Биыл бұл мереке елімізде тоғызыншы рет тойланбақ, деп жазады jambylinfo.kz. 

Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Соның ішінде, бұл күн  –  өткен ғасырда қуғын-сүргінге ұшырап, қазақтың кең даласы мен қонақжай көңілінен пана тапқан өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына алғыс айтатын күні. 

Мейрамның қысқаша тарихы

Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады.

Алғыс айту күнінің мақсаты

Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту. Яғни, кез-келген қысылтаяң шақта ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты бекемдей біліп, ұлт пен ұлыстар арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы межелеген мақсаттарымызға жету маңызды. Кезінде бауыр басып, қанатын Қазақстанда қатайтқан отандастарымызбен бірге шаңырағымызды биіктетіп, керегемізді кеңейту әрқайсымыздың міндетіміз. Алғыс айту күнінің негізгі идесы мен басты миссиясы да осы.

Бұл күн қалай тойланады?

Алғыс айту күні әдетте әртүрлі ұжымдарда, білім беру ұйымдарында тақырыптық шаралар өтіп, конференциялар ұйымдастырылады. Қазақстан халқы Ассамблеясының ішінде өзге ұлт өкілдері ата-бабаларының қиын тағдырын еске алып, қазақ халқының кеңпейіл көңілі мен ерлігін, бауырмалдылығын айтады. 

Диана Орынбасар
Автор

Диана Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар