сейсенбі, 2 шілде, 2024 21:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Капитан Байтасов» фильмінде басты рөлді Азамат Сатыбалды сомдайды

«Капитан Байтасов» фильмінде басты рөлді Азамат Сатыбалды сомдайды
Сурет: коллаж
Фильм күзде жарыққа шығады деп жоспарланған

2011 жылы Тараздағы терактіде қаза тапқан Ғазиз Байтасовқа арналған кинокартинада басты рөлді белгілі актер Азамат Сатыбалды ойнайды, - деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұл күнде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Капитан Байтасов» фильмін түсіріп жатыр. Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың рөлін сомдап жатқан «Қазақфильм» АҚ төрағасы, актер Азамат Сатыбалды түсірілім алаңынан хабар таратып, осынау салмақты рөлді ұсынған режиссерлерлерге алғысын жеткізді. 

«Мен бұл жобада капитан Байтасовтың рөлін сомдаймын. Маған сенім артқан режиссерлерге алғыс айтамын. Бұл ерекше жоба. Себебі, фильм еліміздің батыры, Халық қаһарманының әруағына арналады. Ал мұндай туынды сәтті шығып, көрерменнің жүрегінен орын алады деп ойлаймын. Құдай қаласа, күзде еліміздің барлық кинотеатрларынан «Капитан Байтасов» фильмін көресіздер» ,- деді актер. 

Еске салайық, Ғазиз Байтасов 2011 жылдың 12 қарашасында  Тараз қаласында қауіпті лаңкес қылмыскерді ұстау барысында қаза тапты. Қылмыскердің қолындағы гранатаны халыққа қарай лақтыруға жол бермей, өз денесімен жауып қалды. Осы ерлігі үшін оған Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілді.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар