жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 0:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Кел, ағайын Меркіге»

«Кел, ағайын Меркіге»
ашық дереккөзі
«Кел, ағайын Меркіге»

К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының әншісі, Мәдениет саласының үздігі Оңал Азаматованың шығармашылығында жаңалықтар көп. Ұлттық нақышта домбырамен де, эстрада да шеберлігімен танылған  Оңал қазақтың жән қырғыз елінің әндерін жүректі шымырлата орындап, тыңдарман талғамын дөп басып жүр.

Жақында О.Азаматова «Кел, ағайын Меркіге» атты әнге бейнебаян түсірді. Бұл Ғани Мәтебаевтың әні болса, сөзін Қуаныш Қолқаев пен Шоқан Айнақұлов бірігіп жазыпты.  Аталған бейнебаянның түсаукесері «Гауһартас» мейрамханасында карантин талаптарын сақтай отырып кесілді. Жаңа бейнебаянның тұсауын әнші,  ҚР Мәдениет қайраткері Разия Мәдіханова мен Меркі ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жұмахан Жантелиев кесіп, Оңал Азаматоваға ән әлемінде табыс тіледі. Мұнан соң К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының өнерпаздары ақ тілектерін жеткізді.

– Менің  іс-шарама келген, өнеріме тілеулес болған барша тыңдармандарыма рахмет.  Туған жерге құрметім, ризашылығым ретінде осы ән жазылып, бейнебаяным шығып отыр. Енді бұл бейнебаян бірқатар телеарналарда көрсетілетін болады. Жалпы, тыңдарманға жақсы ән ұсыну оңай жұмыс емес. «Кел, ағайын Меркіге» бейнебаянымды да түсіру жеңіл болған жоқ. Биылғы жылдың шілдесінде Меркі ауданының жасыл, көкорай табиғатында, таулы шатқалдарында түсірілді. Сәтті шықты деп ойлаймын. Бейнебаянымның тыңдарманмен қауышатын күні де алыс емес. Алда да патриоттық әндерге бейнебаян түсіруді мұмкіндігімше жалғастыра беремін, – дейді әнші Оңал Азаматова.

 

Есет ДОСАЛЫ

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар