сейсенбі, 2 шілде, 2024 22:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кітапхана оқырмандары білім жарыстырды

Кітапхана оқырмандары білім жарыстырды
ашық дереккөзі
Кітапхана оқырмандары білім жарыстырды

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы жыл бойы мүмкіндігі шектеулі көз мүгедектерін қоғамға тарту, зағип оқырмандардың компьютерлік сауаттылығын арттыру мақсатында «Зағип және компьютер» үйірмесін жүргізеді. Үйірме үйренушілері арасында 13 қараша – Зағиптер күніне орай «Компьютер  – менің өмірімде» атты жарыс ұйымдастырылып, үздік танылған үш оқырман шешуші сәтте жарысқа түсті. Жарыс үш бөлімнен, яғни, компьютерді үйренудің теориясы, жұмыс істеуді тәжірибе жүзінде көрсету, сұрақ-жауаптар негізінде өтті. Шараға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Ж.Құттыбаева, Қазақ соқырлар қоғамының төрайымы Г.Нұрмашева, облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі Е.Досалы қазылық етті. Жарыста мүдірмей жауап беріп, І орын иегері болып  Махмұд Пірманов танылса, ІІ орынға Қолқанат Оңғарбаева ие болып, ІІІ орынды Нұрсұлтан  Ақпаев иеленді. 

Әділқазылар құттықтау сөзін сөйлеп, жеңімпаздарға сәттілік тілеп, сыйлықтармен марапаттады. Шара соңында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Ж.Құттыбаева арнайы кітапхананы «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың» ұйымдастыруымен өткен ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Брайль жүйесіндегі шығарылған үздік басылымдар» байқауына белсене қатысып, ІІІ орынға ие болғаны үшін диплом мен ақшалай сыйлығын табыстады. Сонымен бірге, кітапханашы Г.Сейтбаева отбасы атынан екі зағип оқырманға қамқорлық танытып, қысқы азық-түлігін алып берді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар