дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлемге танымал ADAM Жамбылдың Меркі ауданынан неге көшпей жүргенін айтты (ВИДЕО)

Әлемге танымал ADAM  Жамбылдың Меркі ауданынан неге көшпей жүргенін айтты (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Бұл туралы ADAM сұхбаттарының бірінде айтты

Тараз тумасы, ADAM лақап атымен танымал Фарух Тохтамуратовқа шетелдік жұлдыздар дуэт айту туралы ұсыныс түсірген. Бұл туралы ол «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Айта кетейік, ADAM «Жүрек» әнімен қазір әлемге танымал болған әнші. Оның бұл әні әлеуметтік желіде әлем бойынша 5 млрд қаралым жинаса, ютубтегі бейнетаспасы 62 млн қаралымнан асқан.

«Сахнаны бала кезімнен армандадым. «Жүрек» әніне дейін бірқатар ән шығардым. Олар көбіне ТМД аумағында танымал болды. Ал, «Жүрек» әнімнің танымал болуы біріншіден, Алланың қалауы. Екіншіден, еңбек пен шабыт. Және де ол әннің бір ерекшелігі қазақ тілінде болуы деп ойлаймын», - дейді Фарух Тохтамуратов.

Оның айтуынша, дәл осы «Жүрек» әнінен кейін оның шығармашылығына әлемдік жұлдыздар назар аудара бастаған.

«Шетелдіктер дуэт айтуға ұсыныс айтып жатыр. Егер олардың аттарын айтсам, халық сенбеуі де мүмкін. Артық болып кетуі де мүмкін, болмай қалса ұят болады. Бірақ, әлемге өте танымал адамдар», - деді ол.

ADAM жұлдыз болмай тұрып әртүрлі қара жұмыс істегенін айтады.

«Каникул кезінде ағама көмектесетінмін. Әртүрлі қара жұмыс істедім. Сауда жасаған жоқпын, өйткені, саудаласа алмаймын», - деді.

Оның айтуынша, «Жүрек» әнінің сөзін де, әнін де өзі жазған және ол оның қиялынан туған шығарма. Ата-анасы ерте өмірден өткен, ауылда жақындарының жанында өмір сүреді. 

«Ауылдамын. Керісінше, екі жыл бұрын ауылға көшіп бардым. Жамбыл облысы меркі ауданына көшіп бардым. Ауылыммен не байланысты, соның бәрін қимаймын», - дейді әнші тұрғылықты жеріне қатысты сұраққа.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар