дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 9:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Мен де жалғыз, Мақпал да жалғыз, Нағима да жалғыз». Роза Рымбаева құрбылары неге екінші рет тұрмыс құрмағанын айтты

«Мен де жалғыз, Мақпал да жалғыз, Нағима да жалғыз». Роза Рымбаева құрбылары неге екінші рет тұрмыс құрмағанын айтты
Коллаж: jambylinfo.kz
Тележүргізуші, блогер Динара Сатжанның youtube арнасына сұхбат берген халық әртісі Роза Рымбаева жолдасы қайтыс болғаннан кейін неге екінші рет тұрмыс құрмағанын айтып берді. Роза Рымбаева сахна мен өмірдегі біраз құрбыларының жалғыз екенін айтып, ой тарқатты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Менің өмірдегі құрбыларым, сахнадағы әріптестерім бар, көбі мен сияқты өмір суреді. Бәрі ата-аналарына, бауырларына, әпке-сіңілілеріне көмектеседі. Олар – көшбасшылар. Олар көмектесе алады», - деген Роза Рымбаеваның сөзін Динара Сатжан «олардың бәрі өмірде жалғыз ғой» деп бөлді.

«Неге осы көп жағдайда, яғни, шығармашылықтың адамы, яғни, әйел жалғыз болады?», - деген сұрақ қойды Динара Сатжан.

«Бәрі емес. Көбі негізі отбасында бақытты», - деді Роза Рымбаева. Динара Сатжан бұл ретте ажырасқан Нағима Есқалиеваны мысалға алды.

«Нағима жалғыз, Мақпал жалғыз...Мақпалдың жағдайы әрине түсінікті, Заманбек аға қайтыс болды. Ал, Нағима менің білуімше, жолдасына өзі ажырасайық деген. Өйткені, олар мүлде екі түрлі адам еді. Мінездері, принциптері бір-біріне сай келмеді. Сондықтан, менің есімде, Нағима өзі ажырасайық деген. Мен екі баламен, 43 жасымда жесір қалдым. Сол кездің өзінде сана-сезімім, сахнадағы өмірім бәрі 20 жасқа үлкен сезілетін. Сондықтан, мен үшін балаларым маңызды болды», - дейді Роза Рымбаева.

Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаева осы сұхбатында жолдасы Тасқын Оқапов ұйықтап жатқан жерінде қайтыс болғанын айтқан еді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар