Өнерлінің қолы алтын
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» бағдарламасында: «Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез — құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптасуымыз керек,» — делінген. Бағдарлама аясында аудан әкімдігі білім бөлімі балалар-жасөспірімдер орталығында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, шығармашылыққа тарта отырып, іскерлікке, шеберлікке баулу мақсатында ашылған «Киімді үлгілеу» үйірмесі оқушылардың талантын шыңдап келеді.
«Киімді үлгілеу» үйірме жетекшісі Нұршаш Ермаханованың айтуынша оқушылар сәннің заманауи стильді бағыттары туралы ақпарат алады. Өз имидждеріне тән киімдер жиынтығы мен аксессуарларды таңдап, киімді пішіп, қиып, тігіп тәжірибе жасайды. Қарапайым қол тігісінен бастап, машина тігісіне дейін үйренеді. Халықтық пішім негізіндегі киімдер, қазіргі кездегі киімдер мен аксессуарлар өндірісі туралы біледі. Түрлі материалдарды пайдалана отырып,нобай бойынша жұмыс жасап үйренеді екен.
Сондай-ақ үйірме жетекшісі өз сөзінде:
-Оқушыларға сабақ барысында Отан туралы, атамекен туралы мәлімет береміз. Сабақ барысында ұлттық киімдердің шығу тарихын айтып, Отан үшін еңбек ету, қызмет жасау туралы түсініктер береміз. Отаншылдыққа тәрбиелеп, патриоттық сезімдерін қалыптастырамыз. Тігіс тігуді үйренемін деген оқушылар үшін есігіміз ашық ,- дейді.
С.Есқараев, «Сарысу»
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
Бүгін қазақтың аңыз әншісі Бибігүл Төлегенованың туған күні
- авторjambylinfo.kz
- 16 желтоқсан, 2024