Сұлутөрдің «Достық шыңы»
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Конституцияның 25 жылдығына орай Жамбыл облысы, Жамбыл аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Геккон» спорттық-туристік клубы «Достық шыңы» деген атаумен альпиниада ұйымдастырды.
Мұндағы мақсат – киелі Әулиеата өңірінің туризм саласын дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және достық қарым-қатынасты нығайту. Аталған іс-шараға жамбылдық еріктілер қатысты. Олар Т.Рысқұлов ауданының аумағында орналасқан Батыс Тянь-Шаньның Қырғыз тау қыратында болып, биіктігі 3817 метрге жететін Сұлутөр шыңын бағындырды. Сөйтіп Сұлутөр маңындағы шыңдарға еліміздегі ұлтаралық достықты нығайту үшін «Достық шыңы» атауын берді.
Жамбыл аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Маханбет Рахымжановтың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастар арасындағы достықты нығайтып, еліміздің тарихи құндылықтарын насихаттауда ерекше рөл атқарады. Альпиниаданың соңында «Достық шыңын» бағындырған бірқатар жастарға сертификат табысталды.
Жамбыл облысы
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала