жексенбі, 7 шілде, 2024 16:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Тараз мұралары» терең тарихтан сыр шертеді

«Тараз мұралары» терең тарихтан сыр шертеді
ашық дереккөзі
«Тараз мұралары» терең тарихтан сыр шертеді

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Бродкастинг» залында «Тараз мұралары» тарихи-танымдық энциклопедиясын  шығаруға  байланысты  баспасөз мәслихаты өтті. Брифингте көптомдықты шығаруға атсалысқан авторлар кітаптың мазмұны мен кейінгі ұрпаққа қалдырар мұрасы жайында кеңінен әңгімеледі.

Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Сауран Қалиевтың айтуынша, «Тараз мұралары» кітабы терең тарихтан сыр шертеді екен.

- Өткен жылы облыстың тарихы мен рухани мұраларын жинақтау, талдау-сараптау, ғылыми негіздеу, салыстыру, басылымға дайындау және жариялау бағытында жұмысшы тобы құрылған болатын. Ол топ тарих және әдебиет бағытында ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізіп, өңірдің 80 жылдық мерейтойына орай «Тараз мұралары» кітабының алғашқы 80 томдығын шығарды. Көптомдықты жинақтауда С.Құлбарақ, Т.Мұқашев, Б.Мақашев, Қ.Дәуренбеков, Т.Толқынбайұлы, П.Дүйсенбин сынды тарихшы және филолог ғалымдар көп еңбек сіңірді. Сондай-ақ жинақтың  жарық көруіне марқұм Мақұлбек Рысдаулет те өлшеусіз үлес қосты.

«Тараз мұралары» кітабы сатылымға шыққан жоқ. Кітапханаларға тегін таратылды. Енді алдағы уақытта та тағы көптомдық жинақтау жоспарлануда, - деді С.Қалиев.

Брифинг барысында өзге де авторлар сөз алып, көптомдық төңірегіндегі орамды ойларын ортаға салды.

  Кәмшат ҚАДЫР
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар