жұма, 20 қыркүйек, 2024 6:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тоқаев  Пантелей Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Тоқаев  Пантелей Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Фото: e-history.kz
Өнер иесі биыл 85 жасқа толып отыр

Президент кеңестік және қазақстандық эстрада әншісі Пантелей Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Бүгін Пантелей Кесоглу  85 жасқа толып отыр. Ол Қазақ КСРнің Халық артисі (1989). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2014). Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Достық және Құрмет ордендерінің иегері.

Өнер иесін бүгін президент марапаттады.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Пантелей Константинович Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды,- делінген ресми хабарламада.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар