Толқын Забирова анасы қайтыс болған балаға 7 ай бойы сүтін берген
- авторМағжан Орынбасар
- 11 сәуір, 2024
- 1.1k
Өнер иесі сұхбатта өз баласымен қатар, анасы қайтыс болған басқа сәбиге де 7 ай бойы сүт бергенін айтты. Әншінің сөзінше, бұл оқиға осыдан 20 жыл бұрын болған.
"Баламды босанғаннан кейін, үйге педиатр келіп жүрген күндердің бірінде мынадай жағдай болды. Педиатрға баламды бір күні суға, бір күні тұзға, тағы бір күні сүтке шомылдыратынымды айттым. Сонда дәрігер «сүтке шомылдырасыз ба?» деп таң қалысын жасырмады. Сол уақытта терезенің алдында тұрған 3 литрлік банкадағы сүтке көзі түсті. «Мынау сүздің сүтіңіз бе?» деп сұрады. Иә дедім. Мен баламды өзімнің сүтімді осылай жинап, соған түсіремін дедім. Дәрігер баланы қарап, кететін уақыты болса да бір бұйымтайы барын сезіп, оның қипақтап кете алмай тұрғанын байқадым. Одан өзім сұрадым. Ол да қысыла, қымтырыла ішіндегісін айтты. «Сіз білесіз бе, Толқын, жақында біздің емханада бір дәрігер босанған болатын. Ол босанғаннан соң өмірден өткен. Сол балаға сүт беретін ананы сұрастырып жүр едім. Сізге дейінгі ананың бәрі бас тартқан. Сіз 7-ші анасыз» деп жылап жіберді. Сөйтіп, мен келісімімді беріп, күнделікті алып кетіп жүрді",- деді Толқын Забирова.
Оның сөзінше, басқа аналар дуа жасайды деген қорқынышпен сүтін бермеген. Сонымен қатар, әнші 7 айдан кейін сүтін берген сәбимен кездескенін де айтты.
"Сол 7 ай өткеннен кейін, ол кішкентай баланы алып, туыстары, әжесі маған келді. Сөйтіп, ол баланы көргенде таң қалдым. Менің балам мүлдем кәшкентай шынашақтай, ал, денелі бала болды. Демек, менің сүтім ол балаға жаққан ғой деп қуанып қалдым. Ол бала Солтүстік Қазақстаннан екен. Туыстары Күршімге апарамыз деген",- деді ол.
Таразда көші-қон қызметінің лауазымды тұлғалары ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін қазақтың аңыз әншісі Бибігүл Төлегенованың туған күні
- авторjambylinfo.kz
- 16 желтоқсан, 2024