жұма, 5 шілде, 2024 0:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Жамбыл жырлары" шын жүйріктерді анықтайды

"Жамбыл жырлары" шын жүйріктерді анықтайды
ашық дереккөзі
"Жамбыл жырлары" шын жүйріктерді анықтайды

Аймақта "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұлттық бірегейлікті сақтау бағытында Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқудан өзге ұлт өкілдері арасындағы іріктеу байқауы басталды.

"Жамбыл жырлары" аталатын бәсекенің алғашқы шымылдығы Меркідегі аудандық мәдениет сарайында түрілді.

Бірден айтайық, меркіліктер уақыттың тапшылығына қарамастан жақсы дайындалыпты. Сан алуан ұлт өкілдері жыр алыбының өлеңдерін нақышына келтіре тау өзеніндей тасытты.

Байқау ережесінің екінші бөліміне сай үміткерлер қазақтың халық әндерін Меркі аспанында қалықтатты. Бірінші орынды балқар қызы Анеля Гочева еш талассыз иемденіп, 18 қарашада өтетін облыстық байқауға жолдама алды.

Сондай-ақ екі екінші, үш үшінші орын алғандарға да арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Сондай-ақ, "Қазақ тілінің нағыз жанашыры", "Сахна ханшайымы", "Көрермен көзайымы" жүлдесін иеленгендер де ауылдарына марқайып қайтты.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар