жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 0:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда халық театрларының фестивалі басталды

Жамбылда халық театрларының фестивалі басталды
ашық дереккөзі
Жамбылда халық театрларының фестивалі басталды
Жамбылда облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен "Театр — өмір айнасы" фестивалі басталды. Мақсаты — Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының мұраларын ұлтымызға кеңінен насихаттау, айтулы тұлғаның шығармаларын сахна өнерімен көрерменге көрсетіп, халық театрларының шеберлігін шыңдау.
Шара аясында Жамбыл ауданының "Дарын" халық театры "Абай" шығармасын қойды. Қойылымда Абайдың жастық жағы, оның жас та болса бас бола білген тапқырлығы, кісілік келбеті бейнеленді.
Халық театрларының қойылымын "Format E" мәдени, оқу-әдістемелік орталығының директоры, қазылар алқасының Төрағасы Ерлан Ауесбаев, облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев және орталықтың көркемдік жетекшісі Нұралы Абдуллаев бағалады.
Ерлан Сатыбалдыұлы спектакльдің жақсы екендігін тілге тиек етті. Десе де, қойылым арасындағы дыбыс қою жұмыстарының шикілігі және инсценировкадағы қателіктер мен мизансценаға байланысты сын-ескертпелер айтылды. Шара соңында халық театрының ұжымына қатысқаны үшін арнайы Алғыс хат табыс етілді.
Облыстық халық шығармашылығы орт алығының баспасөз қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар