сенбі, 23 қараша, 2024 22:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

35-ке дейінгілерді жастар санатына жатқызсақ, ел жастарының саны 6 млн болады - Дархан Қыдырәлі

35-ке дейінгілерді жастар санатына жатқызсақ, ел жастарының саны 6 млн болады - Дархан Қыдырәлі
ашық дереккөзі
35-ке дейінгілерді жастар санатына жатқызсақ, ел жастарының саны 6 млн болады - Дархан Қыдырәлі
Елімізде жастардың жасы 29-дан 35-ке дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Егер заң жобасын Мәжіліс пен Сенат мақұлдаса, жастардың жасы 29-дан 35 жасқа дейін созылады. «Қазір елімізде 2,5 млн-ға жуық жас бар. Егер заң қабылданса, олардың қатары 6 млн-ға дейін өсетін болады. Бұл жерде көптеген адам мемлекет тарапынан жастарға берілетін мүмкіндікке ие болады»-деді Дархан Қуандықұлы. Сондай-ақ, министр аймақтағы жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтуға басымдық берілетінін жеткізді. Ақпараттық салада, қоғамдық даму жүйесінде және үкіметтік емес ұйымдармен жүргізілетін жұмыстар бойынша жүзеге асып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Айта кетейік, бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Түркістан облысындағы БАҚ басшыларымен кездесуінде журналистерге арнайы мәртебе берілетінін айтқан болатын.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар