Ақтөбе тұрғыны TikTok-та оқушы қыздардың жалаңаш суреттері мен видеоларын 10 000 теңгеге сатып алған
- авторjambylinfo.kz
- 19 ақпан, 2024
- 1.8k
Ақтөбе облысының 28 жастағы тұрғыны 8-11 жас аралығындағы қыз балаларды алдап, олардың жалаңаш суреттерін порнографиялық сайттар арқылы 700 мың теңгеге сатқан. Бұл туралы сенат депутаттары мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Ақпараттық кеңістіктегі балалардың қауіпсіздігі, кибербуллинг, онлайн платформалардың, әсіресе, TikTok әлеуметтік желісінің жастарға теріс әсері туралы айтқан депутаттар жаға ұстарлық мәліметті жария етті: Ақтөбеде ер адам TikTok желісі арқылы 8-11 жас аралығындағы оқушы қыздарды алдап, олардың жалаңаш суреттері мен видеоларын 10 000 теңгеге сатып алған. Одан әрі қаскөй материалдарды порнографиялық сайттарға қайта сатып, қыруар ақша тапқан.
«Ақтөбе облысының 28 жастағы тұрғыны 8-11 жас аралығындағы етегін жинап үлгірмеген жеткіншектеріміздің жалаңаш суреттерін порнографиялық сайтта саудалағаны үшін бас бостандығынан айырылған. TikTok желісінде «менің өтінішімді орындасаң 10000 тг беремін» деп жазбалар қалдыра отырып, жеткіншектерді арбауына түсірген қаскөй 700 мың тенге үшін 48 жалаңаш сурет пен 9 порнографиялық мазмұндағы видеоларды жариялап үлгерген. Бұл жағдай өрімдей жастарымыздың ғаламтордағы қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отырғанымыздың айқын көрінісі», - дейді депутаттар.
Дереккөзге сүйенсек, қазір жастарымыз негізінен қытайлық TikTok платформасын қолдануға әуес.
«Статистикалық мәліметтер бойынша желінің 75 пайызға жуық қолданушылары 13-24 жас арасындағы жастарды құрайды. Тіпті 4-5 жас аралығындағы балалардың өзі күнделікті 75 минут уақытын қосымшадағы дүниелерді тамашалаумен өткізетінін талдаулар нәтижесі көрсетті», - дейді депутаттар.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз