жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 20:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық балуан Лондон Олимпиадасының қола медалін алды

Қазақстандық балуан Лондон Олимпиадасының қола медалін алды
ашық дереккөзі
Қазақстандық балуан Лондон Олимпиадасының қола медалін алды

Еркін күрестен қазақстандық балуан Дәулет Шабанбай «Лондон-2012» Олимпиадасының қола медалімен марапатталды.

Д.Шабанбайға Олимпиада медалі салтанатты түрде Белградта (Сербия) өткен күрестен әлем чемпионатында табысталды. Спортшы медальды Әлем күресінің бірлестігі (UWW) басшысы, ХОК Атқару комитетінің мүшесі Ненад Лаловичтің қолынан алды. «Құдайға шүкір, көптен күткен медальді алдым! Халықаралық Олимпиада комитетіне, Әлем күресінің бірлестігі президенті Ненад Лалович мырзаға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің, Ұлттық федерацияның басшылығына алғысым шексіз. Әрқайсыңыздың жеке құттықтауларыңызға рахмет», - деді Д.Шабанбай. Жүлделерді қайта бөлуден кейін спортшы Олимпиада ойындарының жеңімпазы болды. Лондондағы Олимпиадада Дәулет Шабанбай 120 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, бесінші орынмен аяқтады.

{ "@context": "https://schema.org", "@type": "WebSite", "@id": "https://jambylinfo.kz/index.php/#website", "url": "https://jambylinfo.kz/index.php/", "name": "Қазақстандық балуан Лондон Олимпиадасының қола медалін алды", "potentialAction": { "@type": "SearchAction", "target": "https://jambylinfo.kz/index.php/search?query={search_term_string}", "query-input": "required name=search_term_string" } }

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар