жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 22:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Головкин: Жанкүйерлер қаласа Алвареспен төртінші рет жұдырықтасуға болады

Головкин: Жанкүйерлер қаласа Алвареспен төртінші рет жұдырықтасуға болады
ашық дереккөзі
Головкин: Жанкүйерлер қаласа Алвареспен төртінші рет жұдырықтасуға болады

WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) бұрынғы қарсыласы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (57-2-2, 39 КО) төртінші рет жекпе-жек өткізугеде дайын екенін айтты.

Головкин өз сұхбатында үшінші жекпе-жектен кейін кәсіпқой мансабын аяқтауға асықпайтынын және жаңа жоспарлары бар екенін жеткізді.

«Мен пандемиядан кейін кәсіби спортқа қайта оралды. Жанкүйерлер сені қажет еткен кезде жұдырықтасуымды жалғастыруым керек. Бұл күнде маған көптеген боксшылар ұсыныстар тастап жатыр. Мейлі бұл айқастың нәтижесі қалай болсада, жеңіс немесе жеңіліс, я болмаса тең нәтиже, мен жалғастыра беремін... Менің жаңа жоспарларым бар. Егер Альварес мені төртінші жекпе-жекке шақырса, жанкүйерлер қаласа, мен әрине қарсы емеспін. Менде орта салмақта үш чемпиондық белдік бар»-, деді қазақстандық спортшы.

Еске салайық, Головкин-Альварес жекпе-жегі 18 қыркүйек күні (Астана уақытымен) Лас-Вегастың (США) T-Mobile Arena кешенінде өтеді. Қарсыластар бүгін жекпе-жек алдында салмақ өлшеді.

Қазақстандықтар бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирден көре алады. Басталуы – 18 қыркүйек, сағат 05:00. Басты айқас шамамен 08.00-де.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар