жексенбі, 24 қараша, 2024 22:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

«Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
ашық дереккөзі
«Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
«Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. «Осы жылдың шілде айында Жамбыл облыстық экономикалық тергеу департаменті 697 млн теңге сомасына монополиялық табыс алуына байланысты (ҚР ҚК-нің 221-бабы бойынша) «Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - делінген Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия таратқан ақпаратта. Комиссия мәліметінше, экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануын анықтау мақсатында монополияға қарсы орган мұнай-газ, фармацевтика, көлік-логистика және экономиканың басқа да секторларында талдау жасап жатыр. 140 млрд теңгеге заңсыз монополиялық кіріс алу фактілері анықталды. Олар бойынша қазір талдау және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар