Жаңалықтар
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 483 теңгеден сатылып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 18 шілде, 2022
- 168
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 483 теңгеден сатылып жатыр
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде 478-480 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 476 – 481 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 478 – 483 теңге аралығында құбылып тұр.
15 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,06 теңгеге арзандап, 480,58 теңге болған. Ұлттық банктің 18 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 480,37 теңге.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,15 – 7, 65 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024