Без рубрики
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева блогерлерге қатысты «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңның орындалу тәртібін түсіндірді
- авторjambylinfo.kz
- 14 қыркүйек, 2023
- 258
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева блогерлерге қатысты «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңның орындалу тәртібін түсіндірді
«Министрлік заңсыз контентті анықтау бойынша үнемі мониторинг жүргізіп отырады. Соның ішінде есірткі заттарын тарату, порнография, экстремистік сипаттағы материалдар және тағы басқа мәселелер бар. Жаңа заңнан кейін бұл тізім кеңейіп отыр. Мониторинг бұрынғыдай жалғаса береді.
Заң жобасы бүгінде ақпарат тарататын блогерлердің жауапкершілігін қарастырады. Әр адам сөзіне және ісіне жауапты болуы керек. Заң бар, жалған ақпарат таратқаны үшін нақты жауапкершілік көрсетілген», - деді министр отандық БАҚ-қа берген сұхбатында.
📌Жалған ақпарат таратушылар қалай жазаланады?
🔹 Жеке тұлғаларға - 20 АЕК (69 000 теңге);
🔹 Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын блогерлерге – 30 АЕК (103 500 теңге);
🔹 Шағын кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдарға - 40 АЕК (138 000 теңге);
🔹 Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 АЕК (276 000 теңге);
🔹 Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК (345 000 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.
Дереккөз: qazaqstantv
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала