Тиісті нұсқаулық берілді
Шынмәнінде, былайғы жұртқа ҚАЖ қызметкерлерінің жұмысы беймәлім екені рас. Алайда, тәртіп сақшыларының жұмысы өзгелер ойлағандай оңай емес. Түзеу мекемесіндегі әрбір бөлімнің қызметкерлеріне жүктелген жауапкершілік жүгі ауыр.
Бүгін таңсәріде өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесінде кезекшілікке түскен сержант және офицерлік құрамға басшылық тарапынан тиісті нұсқаулық берілді.
Айта кетейік, жабық мекемеде жұмыс істейтін шенді қызметкерлердің басты міндеті – сотталғандар арасындағы заңсыздықтарға жол бермеу және мекеме аумағына тыйым салынған заттардың енуіне тосқауыл болу.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз