жексенбі, 24 қараша, 2024 19:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мүгедектікті анықтауға қатысты 28 мыңнан астам өтінім сырттай қаралды

Мүгедектікті анықтауға қатысты 28 мыңнан астам өтінім сырттай қаралды
ашық дереккөзі
Мүгедектікті анықтауға қатысты 28 мыңнан астам өтінім сырттай қаралды
Мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру аясында жыл басынан бері Қазақстанның барлық өңірінен 28,2 мыңға жуық өтінім қаралды. Қазіргі уақытта жобаға 589 медициналық ұйым қосылған, деп хабарлайды Жамбыл иноф, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, пилоттық жоба арқылы 2022 жылы мүгедектікті белгілеу бойынша сырттай қызмет көрсетумен қамтуды 20%-ға дейін жеткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 21,6%-ды құрады. Ведомство Денсаулық сақтау және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда. «Мүгедектік тобын анықтау қызметін алу үшін өтініш беруші тек тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексеруден өтуі қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді. Жалпы, сырттай куәландыруға көшу: - әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды; - МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді; - үйден шықпай-ақ мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын айқындау қызметтерін алуға мүмкіндік береді; - көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады», - деп жазды министрлік.    
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар