дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 8:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің ТОП-10-дығына енді

Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің ТОП-10-дығына енді
ашық дереккөзі
Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің ТОП-10-дығына енді
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ санаты бойынша рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат  сайтына сілтеме жасап. WBC International чемпионы Жан Кособуцкий 15-орыннан 12-орынға көтерілді. Бірінші ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев бір қатар төмендеп, 36-шы болды. Екінші орта санатта Айдос Ербосынұлы мен Әли Ахмедов сәйкесінше 19-шы және 20-орындарды сақтап қалды. Өткен айда аргентиналық Себастьян Орасио Папескиді нокаутпен жеңген Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақтағы рейтингте оныншы орыннан сегізінші орынға көтерілді. Бірінші орта дивизионда Садриддин Ахмедов 28-орында қалды. Жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов бір қатар шегініп, 21-орынға тұрақтады. WBC Youth тұжырымы бойынша чемпион Талғат Шайкен екі саты жоғарылап, 32-орынға көтерілді. Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақтағы рейтингтер кестесінде 25-орында қалды.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар