Без рубрики
Мәжіліс Каспий теңізіндегі шекараларды бекітетін алғашқы заң жобасын мақұлдады
- авторjambylinfo.kz
- 5 қазан, 2022
- 239
Мәжіліс Каспий теңізіндегі шекараларды бекітетін алғашқы заң жобасын мақұлдады
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Шартқа сәйкес тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы аумақтық суларды және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлетін Каспий теңізіндегі екі елдің арасындағы мемлекеттік шекарасының сызығын анықтады. Құжаттың ратификациялануы және күшіне енуі оңтүстік межелерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау үдерісін толық аяқтауға мүмкіндік береді», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.
Оның айтуынша, шарт Каспий теңізі жағалауындағы елдер арасындағы мемлекеттік шекараны заңды түрде бекітетін тарихтағы алғашқы құжат болмақ.
«Түрікменстан жағы аталған шартты биыл 17 сәуірде ратификациялады. Аталған заңды қабылдау Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына қайшы келмейді», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.
Бұл шартқа 2021 жылғы 25 қазанда Ашхабад қаласында қол қойылды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз