Жаңалықтар
Түрікменстан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары күтіліп отыр
- авторjambylinfo.kz
- 5 қазан, 2022
- 301
Түрікменстан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары күтіліп отыр
Қазан айында Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің Қазақстанға мемлекеттік сапары күтіліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
«Іс-шара аясында тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты және көпжақты форматтарда ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективалары туралы жан-жақты пікір алмасты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы қазандағы Ашғабадқа мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің 2022 жылғы қазандағы Қазақстанға мемлекеттік сапарына дайындыққа, сондай-ақ түрікмен тарапының 6-шы АӨСШК саммитіне, ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесіне және «Орталық Азия - Ресей» саммитіне қатысуына ерекше назар аударылды», - делінген хабарламада.
Консультациялардың қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жәрдемдесу үшін екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы байланыстардың жоғары деңгейін қолдауға уағдаласқан.
ҚР СІМ мәліметіне сүйенсек, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонысбаев пен Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Вепа Хаджиевтің төрағалығымен бейнеконференция форматында қазақ-түрікмен саяси консультациялары өтті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз