бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 0:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мектеп бітіргеніне 20 жыл толғанын тойлауға барып, сыныптасы өлімші етіп сабаған түлек 3 айдан кейін қайтыс болды

Мектеп бітіргеніне 20 жыл толғанын тойлауға барып, сыныптасы өлімші етіп сабаған түлек 3 айдан кейін қайтыс болды
ашық дереккөзі
Мектеп бітіргеніне 20 жыл толғанын тойлауға барып, сыныптасы өлімші етіп сабаған түлек 3 айдан кейін қайтыс болды
Сотталушы марқұмның басынан алған бірнеше ауыр жарақаты жайлы сұраққа: «Білмеймін, ол өзі құлап кетті» деп жауап берген. Түркістан облысы Келес аудандық сотының судьясы Мадиярбек Ботабеков Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» атты 106-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық істі қарауда. Сот ісі бойынша айып тағылған жалғыз күдікті – Серік Оразбеков. Мектептегі достарымен кездесуден кейінгі өлім 38 жастағы Жансерік Әлібеков (суретте) өз сыныптастарымен бірге мектеп түлектерінің 20 жылдық мерейтойын тойлау үшін Алматыдан өткен жылдың 3 маусымында келген. Мектептегі кездесуден соң, олар кешкісін осы күнді дүркіретіп атап өту үшін кафеге жиналады.  width= Алайда сол түні басындағы көптеген ауыр жарақатымен ауруханаға жеткізілген Жансерік, комаға түсіп, бірнеше айдан кейін қайтыс болады. Медициналық құжаттарда Жансеріктің денесінде ауыр жабық бас-ми жарақаты, бас миының ауыр дәрежеде соққысы, желке аймағындағы тіндердің жарақаты, сол жақ төбе-самай аймағының ауыр ми ішілік және субдуральды гематомалары, бас миының ісінуі анықталғаны жазылған. Ал дәрігерлер оның бас сүйегінің негізі сынған деп болжауда. Жансеріктің әпкесі Гүлназ Әлібекова Jambylinfo.kz тілшісіне кафеде Серік Оразбеков пен оның інісі арасында жанжал туындағанын айтты.
- Сол сәтте оқиға ортасында болған сыныптастарының айтуынша, Серік Жансеріктің басынан ұрған. Ағам қарсы әрекет көрсеткен ол: «Сен мені әйелімнің көзінше ұрдың ба?» деп ашуланған. Жансерік сабырлы, ұрыс-жанжалдан алыс жүретін, физикалық тұрғыдан әлсіздеу адам болатын. Бәлкім, қарсыласымен төбелеспес те еді. Бірақ ол оны сыныптастарының көзінше соққыға жығып, жігіттік намысыны қорлады. Бұған қоса, ағам жанжалдың алдында телефонын кафеде жоғалтып алып, іздей бастаған. Сол кезде де Серік оны бір қойып қап: «Осы сен үнемі бәрінен айырылып жатасың – әйеліңнен де айырылдың, енді міне телефоныңды да жоғалттың» деген. Жансерік әйелімен ажырасып кеткен болатын, – дейді Гүлназ.
«Анашым, уайымдамаңыз, мен біраздан кейін келемін»  Оқиғаның немен жалғасқанын ол әрі қарай ағасының сыныптастарынан білген. Әпкесінің айтуынша, Серік жанжалдан кейін ағасынан өшін алғысы келген. Алайда сыныптастарының бірі Жансерікті көлікке отырғызып, анасымен бірге тұратын үйіне алып кеткен. Арада біраз уақыт өткен соң оған Ержан есімді сыныптасы телефон соғып, «шығып сөйлесуін» өтінген. «Ержан біздің алыс туысымыз ғой, біраздан кейін келемін» деген Жансерік уайымдап қалған анасына. Ол кезде анасы ұлының сап-сау халін соңғы рет көретінін білмеген. Жансерік анасына: “Ержан рулас туысымыз ғой, уайымдамаңыз, біраздан кейін келемін” деп шығып кеткен. Кейіннен марқұмның туыстары оны Серіктің өтініші бойынша үйден алып шығарғанын анықтаған. Туыстарының айтуынша, ауруханаға жеткізілген Жансерік бірнеше сағат бойы жай ғана диванда жатқан. Аурухананың терапия бөліміндегі жас дәрігер әрі Жансеріктің туысқан ағасы дәрігерлерге өтініш айтқан соң ғана марқұмға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.Бірнеше күннен кейін  Шымкенттегі ауруханаға жеткізілген. Ал шамамен 3,5 айдан соң, 2023 жылдың қыркүйегінде есін жимай қайтыс болған. Гүлназ сол түні Жансеріктің сыныптасы Ержанның үйіне барғанын білген. Таң атқанша бір ымыраға келе алмаған Жансерік пен Серікті Ержан көп ұзамай сыртқа шығарып жіберген. Жансерік Серікпен бірге далаға шығысымен, жанжал өрши түсіп, бір-біріні соққыға жыққан. Әпкесінің айтуынша, Ержанның үйінде тұратын біреу соққының дыбыстарын естіп,  жедел жәрдем шақыртан. Аяусыз соққыға жығылған Жансерікті дәл сол жерде тапқан. Судья: «Өзімді суретке түсіруге тыйым саламын» Тергеу бірнеше айға созылған. Сот өткен жылдың қыркүйек айында басталған. Алайда бұл ашық түрде жүріп жатқанына қарамастан, іс қандай да бір себептерге байланысты Жоғарғы Соттың сот істері базасында жариялауға тиым салынған. 2024 жылдың 31 қаңтарында өткен кезекті сот отырысына Jambylinfo.kz тілшісі қатысты. Судья Мадиярбек Ботабеков сот процесін диктофонға түсіру жөніндегі өтінішке үзілді-кесілді қарсы болды. Оның үстіне мемлекеттік қызметкер өзін суретке түсіруге рұқсат бермеген. Тіпті, айыпталушының адвокаты да суретке түсуге қарсы болған. Прокурор қандай да бір себептермен 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгілеуді сұраған – бұл 106-баптың 3-тармағы бойынша санкцияның төменгі шегі. Мұндай оқиға бойынша ең жоғары жаза мерзімі -12 жыл. Олар пәтер мен 10 миллион теңге ұсынды Жансеріктің анасы Замира Ералиева (суретте) сотта ең қатал жазаны талап етті. Оның айтуынша, Серік Оразбеков алдымен жасаған әрекетін мойындағанымен, адвокат жалдаған соң, істеген істерін «жоққа шығарған». - Оқиғадан бірнеше күн өткен соң, үйге келіп, баламды ұрғанын өзі мойындады. Сол түні мас болғанын, есінде ештеңе қалмағанын, тек баламның қанға боялған денесін көргенде ғана есін жинағанын айтты. Оның үстіне кінәсі болмаса, маған неге ақша ұсынды? Неліктен басқа сыныптастар мұны жасамады? – деді Замира Ералиева.  width= Сот отырысынан кейін, марқұмның анасы сотталушының туыстары татуласу ниетімен оған тікелей және ағасы, әпкесі, келіні арқылы 20 рет хабарласып, 2 бөлмелі пәтер мен 10 миллион теңге ұсынғанын және мұның әлі де жалғасып жатқанын айтты. «Мен оны ұрған жоқпын, ол өзі құлап кетті» Былтырдан бері қамауда отырған айыпталушы Серік Оразбеков (суретте) сол күні сотта «соңғы сөзін» айтты. Антропометриялық деректеріне сай, оның бойы шамамен 1 м 90 см, салмағы - кем дегенде 100 кг мөлшерінде.  width= Ол өзінің кінәсін және Жансеріктің ауыр жарақатына қатысы барын үзілді-кесілді мойындаудан бас тарта бастады. Оның айтуынша, марқұм өзі құлап, осындай жарақат алған. Айыпталушының адвокаты да қылмыстық істі тоқтатуды талап еткен. Ол тергеудің көптеген заң бұзушылықтармен жүргізілгенін айтып, қорғауындағы азаматты босатуды сұраған. Ақ халаттылардың салғырттығы мен сапасыз жүргізілген тергеу? Марқұмның туыстары келесі күні таңертең Жансерікті ұрып-соққан жердегі қан ізі жақсылап жуып-шайылғанын айтты. Сондай-ақ, олар тергеу оқиғаға қатысы бар күдіктілерді толықтағай анықтаған жоқ деп есептейді. Туыстары  сол түні ауруханада кезекшілік еткен дәрігерлердің де жауапқа тартылуын талап етуде. Олардың айтуынша, Жансеріктің ес-түссіз жатқанын көрген дәрігерлер оған жедел медициналық көмек көрсетпеген. Алдымен ұйықтап алсын, есін жисын деген. Ес-түссіз жатқан Жансерікке медициналық көмек тек әпкесі ауруханада жанжал шығарғаннан кейін ғана көрсетіле бастаған. Ол демалыс күні анасына Жансерікті көру үшін келген болатын. «80 жыл түрмеде отырса да, ұлымды қайтармайды»     Марқұмның анасы ең ауыр жазаны талап етуде. - Ол қазірдің өзінде алты ай тергеу изоляторында отыр. Оның бір күні колониядағы бір жарым күн деп есептеледі. Былайша айтқанда, бір жыл отырып шыққанмен тең. Егер ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатын болса (бұл жазаның жартысын өтегеннен кейін жасалуы мүмкін), онда ол үш жылдан соң, бостандыққа шықпақ. Үш жыл - ұлымның өмірі үшін. Тіпті 80 жылға бас бостандығынан айырса да, ұлым тірілмейді. Мен тергеу бабының 99-бапқа өзгертілуін талап еттім («Адам өлтіру – Jambylinfo.kz»), – дейді Жансеріктің анасы. Марқұмның туыстары осы оқиғаға қатысы бар күдіктілердің бәрін жауапқа тарту үшін жаңа тергеу ісін қайтаруды талап етуде. Жансеріктің анасы оның артында кәмелетке толмаған үш баласы қалғанын айтты. Судья Мадиярбек Ботабеков бұл сот отырысының аяқталғанын жариялап, келесі отырыстың өтетін күнін белгілемеген. Фотосуреттер марқұмның туыстарының рұқсатымен жарияланады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар