жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық Әлішер Ерғали финалда әлем чемпионы Ризабек Айтмұханды жеңді

Жамбылдық Әлішер Ерғали финалда әлем чемпионы Ризабек Айтмұханды жеңді
ашық дереккөзі
Жамбылдық Әлішер Ерғали финалда әлем чемпионы Ризабек Айтмұханды жеңді

Еркін күрестен Қазақстан чемпионатының соңғы жарыс күнінде әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан сынға түсіп, финалда жеңіліс тапты, деп хабарлайды  Jambylinfo.

97 келіге дейінгі салмақтың финалдық белдесуінде Ризабек Айтмұхан мен Әлішер Ерғали белдесті. 

Аса тартысты кездесуде 14:10 есебімен тәжірибелі балуан Әлішер Ерғали жеңіске жетті. Осылайша, Ризабек әлем чемпионатынан кейін қатысқан алғашқы ресми жарысында алтын медальға қол жеткізе алмады. 

Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта 2023 жылғы әлем чемпионы. Ол аталған турнирден соң олимпиадалық салмақ - 97 келіге ауысқан болатын. Қазақстан чемпионы атанған балуандар Бішкекте өтетін лицензиялық турнирге қатысады. 

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар