дүйсенбі, 18 қараша, 2024 3:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Меркі қанты» зауытында қант қызылшасын қабылдау жұмыстары жалғасуда

«Меркі қанты»  зауытында қант қызылшасын қабылдау жұмыстары жалғасуда
ашық дереккөзі
«Меркі қанты» зауытында қант қызылшасын қабылдау жұмыстары жалғасуда
2022 жылғы 20 қазан күні сағат 14:00 шамасында Меркі ауданындағы қант зауытында қызылша қабылдау жұмысы уақытша тоқтатылған. Оған зауыттағы тәтті түбірді түсіретін арнайы 2 техниканың (бурто-укладочная машина) бірден істен шығуы себеп болған. 21 қазан күні сағат 14:00-де бұл техникалар жөнделіп, қабылдау жұмыстары жалғасуда. Зауытта қант қызылшасын түсіріп, жинауға арналған 4 техника жұмыс істейді. Одан бөлек, тәтті түбір таситын жүк көліктерін кезек күттірмес үшін арнайы орынға өнімді төгуге мүмкіндік беріліп отыр. Сонымен бірге, бұған дейін қабылдау жұмыстары сағат 7:00-ден 20:30-ға дейін жүргізілсе, бүгіннен бастан түнгі 00:00-ге дейін жүргізіледі. Жалпы бүгінгі күні 81 128 тонна өнім жиналса, 58 618 тоннасы зауытқа өткізілген. Тасымалдаушы жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар