жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 18:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тәтті ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

Тәтті ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды
ашық дереккөзі
Тәтті ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды
Республика күні мерекесіне орай, Меркі ауданы Тәтті ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды. 30 келушіге арналған медициналық амбулаторияда жылыту, электр және су жүйелері орталықтандырылған. Онда келушілерге арналған күндізгі стационар, екпе бөлмесі, отбасылық дәрігерлер, медбикелік қабылдаулар, реабилитациялық көмектер бойынша физиотерапиялық кабинет, сондай-ақ, әлеуметтік қызметкер мен психолог маман қызмет көрсетеді. Медициналық нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Нәрікбаев Нұрсұлтан Бақытжанұлы қатысып, ауыл жұртымен қуанышты бөлісті. Сонымен қатар, Белгібай Айнақұлов бастаған ауыл ақсақалдары мен тұрғындар жүрек жарды лебіздерін жеткізіп, ел игілігіне берілген нысанның жұмысына сәттілік тіледі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар