сейсенбі, 19 қараша, 2024 17:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қоғамдық кеңес: Жоспарланған құрылыс нысандары мерзімінде аяқталуы тиіс

Қоғамдық кеңес: Жоспарланған құрылыс нысандары мерзімінде аяқталуы тиіс
ашық дереккөзі
Қоғамдық кеңес: Жоспарланған құрылыс нысандары мерзімінде аяқталуы тиіс
 Жамбыл облысы Жуалы ауданның Қоғамдық кеңесінің отырысында өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы талқыланып, бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері қаралды.
Аудандық кеңес төрағасы Әбдікерім Үркімбаевтың төралығымен өткен басқосуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары м.у.а. Даурен Омаров, превенция басқарма басшысының орынбасары Ербол Бақтыхожаев, жергілікті «Әділдік жолы» РҚБ облыстық филиалының басшысы Нәзима Жұбандықова және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы таныстырылды, онда өңірдің әлеуметтік тұрақтылығына әсер ететін, сондай-ақ халық тарапынан әділ наразылық тудыратын 5 бағыт айқындалды. Бұл жер, үй, жолдар,экономика, олигополия саласындағы мәселелер.
Бұдан басқа, Департамент пен Қоғамдық кеңес мүшелерінің 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өзара іс-қимыл нысандары талқыланды.
«Тұжырымдамада міндеттердің үлкен блогы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы азаматтық қоғамның рөлін күшейтуге бағытталған. Қоғамдық кеңестердің мүшелері «қоғамдық кеңестер туралы» Заңға сәйкес қоғамдық мониторинг жүргізуге құқылы. Бүгінгі таңда қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы, ал ең маңызды нысаны – ол Қоғамдық кеңестер болып табылады.», — деп атап өтті Д.Омаров.
Нәтижесінде Қоғамдық кеңес өз мүшелерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі және сыртқы талдау, Қоғамдық кеңес отырыстарында құқықтық мониторинг нәтижелерін қарастыра отырып, ұсынымдарды талқылау және іске асыру мониторингі процестеріне қатысуы, қоғамдық бақылауды күшейту туралы шешім қабылдады.
Атап айтқанда, Қоғамдық кеңес мүшелері  соғылған нысандардың және жоспарланған құрылыс нысандарының тізімі бойынша олардың сапасын, мерзімін қадағалау.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар