жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 12:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қоғамдық кеңес Жамбыл облысының мемлекеттік органдарымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін тыңдады

Қоғамдық кеңес Жамбыл облысының мемлекеттік органдарымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін тыңдады
ашық дереккөзі
Қоғамдық кеңес Жамбыл облысының мемлекеттік органдарымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін тыңдады
Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында дене шынықтыру және спорт, жер қатынастары, қаржы, жастар саясаты, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері тыңдалды. «Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткендей, бүгінгі таңда еліміздің алдында тұрған міндеттер мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейтуді, азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде қайта іске қосуды талап етеді. Қоғамдық бақылаудың рөлін күшейту мәселелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі негізгі стратегиялық құжат – 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында да көрініс тапқан. Осы тұрғыда еліміздің негізгі басымдықтарын тиімді жүзеге асыру аясында азаматтық қоғам өкілдері мен мемлекеттік органдар арасында өзара іс-қимылды жолға қою қажет», – деді Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Әбдірайымов. Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Ербол Бақтықожаев облыстың жергілікті атқарушы органдарының қызметінде қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша бірқатар түйткілді мәселелерді ортаға салып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың сапасы туралы сөз қозғады. «Әділдік жолы» ҚБ филиалының жетекшісі Назима Жувандықова облыста сыбайлас жемқорлықпен күресуге қоғамның қатысуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы атап өтті. Кездесу соңында қатысушылар пікір және ұсыныстармен алмасты, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды мәселелері бойынша ұсыныстар жасады.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар