жұма, 22 қараша, 2024 21:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

СҚО-да 250-ге жуық әскерге шақырылушы Ресейге қашып кеткен

СҚО-да 250-ге жуық әскерге шақырылушы Ресейге қашып кеткен
ашық дереккөзі
СҚО-да 250-ге жуық әскерге шақырылушы Ресейге қашып кеткен
Бұл туралы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап. Петропавлск.news-тің жазуынша, СҚО әкімдігінде өткен жиында әскерге шақыру науқанында кездесетін негізгі мәселелер айтылды.
«Демографиялық үдерістердің салдарынан СҚО-да соңғы 10 жылда әскерге шақырылушылар саны 38 мың адамнан 16 мыңға дейін түсті, яғни 60 % кеміді. Бұрын жылына 1300 жігітті жіберуіміз керек болса, қазір ол 200 адамға ғана қысқарды, 1100 адамды жасақтап, аттандыруымыз керек. Облыс Ресейдің Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шектесіп жатқандықтан бұл да әсер етуде. Әскерге шақыру науқаны басталғанда жігіттеріміз еш қиындықсыз шекара асып кетеді. Қазіргі уақытта әскерге шақырылуы тиіс 250-дей адам осы көрші мемлекетте жүр», - дейді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Марат Кәрімов.
Келесі мәселе – жігіттердің денсаулығына қатысты. Әскерге шақырылушылардың тек 15 % ғана медициналық комиссиядан іркіліссіз өтеді. 45 % денсаулығына байланысты түрлі шектеулері болса, 40 % бейбіт жағдайда әскери қызметке жарамысз.
«Сондай-ақ әскерге шақырылушыларды тіркелген мекенжайы бойынша таппай жатамыз. Ата-аналардың көпшілігі балаларын әскерге жібергісі келмейді, сондықтан оның жүрген жерін жасырады, бұл да біздің жұмысымызды қиындатады. Қазіргі уақытта СҚО бойынша әскери есепте тұрған 967 адамның жүрген жері белгісіз», - дейді Марат Кәрімов.
Айта кетейік, жыл басында елімізде мерзімді әскери қызметке шақырту үшін іздестіріліп жатқан азаттар саны 30 мыңнан асқаны хабарланған. Елімізде 1 наурыздан бастап мерзімді қызметке әскерге шақыру басталды.12 шілдеге дейін Қазақстан Қарулы кұштерінің қатары 18-бен 27 жас аралығындағы 18 мыңнан астам ер-азамат толығуы тиіс.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар