бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 10:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда 33 азамат қайта қамауға алынды

Таразда 33 азамат қайта қамауға алынды
ашық дереккөзі
Таразда 33 азамат қайта қамауға алынды
Таразда есепте тұрған 33 азаматты қайта қамау туралы сот шешімі шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Жамбыл облысында жыл басынан бері орын алған ұрлық-қарлықтың 70-80 пайызы есепте тұрғандардың қатысуымен жасалған. Құзырлы орган тарапынан пробациялық бақылау орнатылған азаматтар арасында қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатқанымен, түзелу жолына түскендер қатары тым аз. Бұл туралы өңірдегі пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі Әсел Кабулова айтып берді. «Былтыр 2 мыңнан астам сотталған азамат пробациялық бақылаудан өтті. Дәл қазір Жамбыл облысы аумағында 1568 адам есепте тұр. Оның ішінде кәмелетке толмағандардың саны – 15. Биыл 3 ай ішінде есепте тұрғандардың қатысуымен 14 қылмыс орын алды. Оның басым бөлігі ұрлық-қарлық фактілері. Пробация қызметкерлері осы жайттарды ескере отырып, 100-ден аса материалды сотқа жолдады. Онда арнайы есепке алынса да, қайта қылмыс жасаған азаматтарды түзеу мекемесіне қамауға алу ұсынысы енгізілді. Соған сәйкес, 33 тұлғаға қатысты іс қанағаттандырылып, олар қамауға алынды«, – дейді ол. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, қарапайым халықтың өмір бойы тірнектеп жинаған дүние-мүлкі мен мал-жанына көз салатындардың көбісі бұрын сотты болған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар