Без рубрики
Түзеу мекемесінде Тұңғыш Президент күні аталып өтті
- авторjambylinfo.kz
- 30 қараша, 2021
- 311
Түзеу мекемесінде Тұңғыш Президент күні аталып өтті
Бүгін өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінде 1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты шара өтті. Шара барысында мекеме бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков жеке құрам қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
- 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға. Себебі, тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Сайлауға қатысқандардың 98,78%-ы жақтап дауыс берді. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды, - деген Б.Шарипбеков қызметінде жоғары жетістіктерге қол жеткізгендерді марапаттады.
Айта кетейік, 2012 жылдан бері елімізде 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні аталып өтіледі.
Айнұр Бателова,
ЖД-158/5 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегімен тұрмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет аға лейтенанты
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала