бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 7:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1 – желтоқсан ел тарихы үшін елеулі күн

1 – желтоқсан ел тарихы үшін елеулі күн
ашық дереккөзі
1 – желтоқсан ел тарихы үшін елеулі күн
Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да ерекше. Тарихы да тереңде жатыр. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы болып өтті. Міне, осынау тарихи күні қазақтың маңдайына Нұрсұлтандай ұлт перзентін жазды. Бүкілхалықтық сайлауда бірауыздан ел Президенті атанды. Қазақстанның тағдырын өз қолына алған ұлт көшбасшысы дәл сол жылы 16 желтоқсанда бабаларымыздың арманына айналған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бүкіл елге жариялау бақытына ие болды. Ол елге тәуелсіздік сыйлаған тұлға ретінде де үлкен құрметке ие. Осынау мереке қарсаңында аймақтық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінде де арнайы шара өтіп, онда мекеме бастығы әділет полковнигі Ерлан Тоқанов жеке құрам қызметкерлерін ел тарихы үшін елеулі күнмен құттықтады. - Еліміздің ел болу шежіресі сан түрлі белестерден тұрады. Сол белестердің ең алғашқысы ол еліміздің Тұңғыш Президентінің сайлануы болатын. Тәуелсіз Қазақстанды сындарлы жолдардан, сан түрлі белестерден құлатпай, сүріндірмей алып шығу үшін де үлкен қажыр қайрат пен, ұлтына, қазағына деген сүйіспеншілік керек еді. Нұрсұлтандай ұлдың бойынан сол қасиеттердің барлығы дерлік табыла білді. Бұл мерекенің тойлануының өзіндік ұлтқа берері мол. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады. 1-желтоқсан Қазақстанның шежіресінде үлкен мәнге ие, сондықтан аталмыш датаның Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы заңды құбылыс, - деді Е.Мейірманұлы. Қорыта айтқанда, бүгінде бүкіл елдің қолдауымен сеніміне ие болған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне тойланатын — Тұңғыш Президент күні өте қадірлі мереке. Ендеше, мерекелеріңіз құтты болсын, ҚАЖ қызметкерлері! Әділет Үсенбаев, ЖД-158/4 мекемесі кадр саясаты тобының бастығы әділет майоры
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар