сенбі, 28 желтоқсан, 2024 23:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ЕКІ АУДАН ҚҰРЫЛАДЫ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ЕКІ АУДАН ҚҰРЫЛАДЫ
ашық дереккөзі
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ЕКІ АУДАН ҚҰРЫЛАДЫ
Бүгінгі күні, қаланың халық саны 428 мыңға жуық. Оған қоса, қала маңындағы Жамбыл және Байзақ аудандарынан 44 500 адам тұратын аумағы 11 755 гектарды құрайтын 14 елді мекен қосылуы көзделіп отыр. Бұл жағдайда қаланың халық саны 472 мыңнан асатын болады. Тиісті заңға сәйкес, «облыс орталығындағы қала халқының саны 400 мыңнан асқан кезде қаладағы аудандар құрылады» деп көзделген,-деп хабарлады қала әкімі Өңірлік коммуникациялар қызметінде болған брифингте. "Осыған байланысты қаланы 2 аудан құру жоспарланды. Әр ауданда 200 мыңнан аса халық болады (1- 233 000, 2- 239 000). 2040 жылға қарай қала халқының саны 512,0 мың адамды құрайды деп болжануда. Қаланың өмірін және дамуын тиімді қамтамасыз ету үшін Тараз қаласында екі аудан құру қажеттілігі туындап отыр. Ол қаланың аумақтық тұтастығын, бүкіл қаланы бақылауды, жалпыұлттық қызметтер аумақтық ұйымдастыру және төтенше жағдайлар кезінде күштерді жедел ұйымдастыруды қамтамасыз етеді."- дейді Бақытжан Орынбеков. Сондай-ақ шаһар басшысы екі аудан құру туралы ҚР Президентінің атына хат жолданып, келісім құжаты алынғанын да мәлімдеді. " Тараз қаласында екі аудан құру бойынша іс-шаралар жоспары (жол картасы) әзірленіп, бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Бас жоспардың маңызды жобалық шешімдерінің бірі- өзекті мәселеге айналған көлік қозғалысын тиімді ұйымдастырып, көлік жолдарындағы жүктемені азайту. Осыған байланысты екі бірдей көлік жолы құрылысын салу көзделуде. Бірі, Абай даңғылын Балуан шолақ көшесімен қиылысқан аумағындағы теміржол үстінен өтетін көлік жолы құрылысы арқылы халық арасында «за линией» аталатын аумаққа жалғастыру, екіншісі Абай даңғылын 14 шағын аудан арқылы Кенесары хан даңғылына шығару қарастырылған.Қазіргі таңда қалалық бюджеттен жобалық сметалық құжаттамасына (ЖСҚ) 65 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүруде." - деп түйіндеді әкім.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар