жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда ұсталғандардан 84 қару-жарақ тәркіленді

Жамбылда ұсталғандардан 84 қару-жарақ тәркіленді
ашық дереккөзі
Жамбылда ұсталғандардан 84 қару-жарақ тәркіленді
Жамбыл облысында жағдай тұрақталды. Ахуал жергілікті биліктің құрған жедел штабтың бақылауында. Облыс орталығы Тараз қаласында жаппай тәртіпсіздік салдарынан 200-ден аса құқық қорғау қызметкері түрлі дене жарақатын алған.​Жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың жалпы саны шамамен 2000 мыңға жуық. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 287 адам түрлі дене жарақатын алып, 42-адам ауруханаға жатқызылған. Бүлікке қатысушылардың басым бөлігі 17-25 жас аралығындағы жастар.​Жедел операциялардың нәтижесінде 295 күдікті ұсталып, 19-ы соттың шешімімен қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардан 84 бірлік қару-жарақ тәркіленді. Олардың 114-іне әкімшілік іс қозғалған (108 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 3-іне айыппұл салынып, 3-іне ескерту берілген).​6 мемлекеттік ғимарат (облыс әкімінің аппараты, «Nur Otan» партия филиалы, Полиция департаменті, қалалық 3 полиция бөлімі), 149 қызметтік автокөлік, 4 бизнес нысаны зардап шеккен.​Шығын мөлшерін есептеу бойынша арнайы комиссия құрылды.​Алдын-ала есептеулер бойынша жалпы облысқа келген шығын көлемі шамамен 7,6 млрд теңгені құрайды.​Бүгінгі күні зардап шеккен әкімшілік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 21 арнайы техника, 160 жұмысшы тартылған. Жұмыстар ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін толығымен аяқталады деп көзделуде.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар