жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 6:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл полицейлері Алматыда аңшылар дүкенін тонағандарды ұстады

Жамбыл полицейлері Алматыда аңшылар дүкенін тонағандарды ұстады
ашық дереккөзі
Жамбыл полицейлері Алматыда аңшылар дүкенін тонағандарды ұстады
Жамбыл полицейлері Алматы қаласында аңшы дүкенін тонағандарды ұстады. 7 қаңтар күні Қордай ауданындағы «Алматы-Ташкент» күре жолында полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген Subaru Forester көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде ішінен 12-ші калибрлі қарудың 10 данасы, 1 пневматикалық тапанша және аңшылыққа арналған жабдықтар табылды. Тергеу барысында көліктің 24 жастағы жүргізушісі мен 27 жастағы жолаушы Алматы қаласындағы жаппай тіртіпсіздіктер кезінде аңшылық дүкенін тонағаны белгілі болды. Қазіргі кезде күдіктілер уақытша қамау оқшаулағышына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабының 3-бөлімімен сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Қордай ауданының екі блок бекетінде полицияның 100-ге жуық қызметкері мен әскери қызметкер тәулік бойы қызмет етуде.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар