жұма, 22 қараша, 2024 21:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ЖАСТАР ФЕМИНИЗМ ТУРАЛЫ НЕ ОЙЛАЙДЫ?  

ЖАСТАР ФЕМИНИЗМ ТУРАЛЫ НЕ ОЙЛАЙДЫ?   
ашық дереккөзі
ЖАСТАР ФЕМИНИЗМ ТУРАЛЫ НЕ ОЙЛАЙДЫ?  
   Феминизм тақырыбы кейінгі кезде қызу талқыға айналып жүр. Әйелдер қауымы күн сайын әлеуметтік теңсіздіктен зардап шегетін айтып, әділетсіздікпен күресіп келеді. Еліміздің жастары бұл қозғалысқа деген ойын білдік. КазНАИ атындағы Т.К.Жүргеновтың студенті, «Дала данышпаны» сериалының әртісі Әміркүл Дана еліміздегі еркек пен әйел құқығының теңсіздігі қазақ әдебиетінің шығармаларында айқын байқалады деген пікірде:
Мен өзім феминизм бағытын қолдаймын. Әлеуметтік теңсіздік мәселесін көтеру орынды. Біздің ұзақ уақыт қалыптасқан мәдениетіміз де әйел мен еркек арасындағы теңсіздікті жиі кездестіруге болады. Мысалға, Қазақ әдебиетіндегі «Гауһар тас», «Қараш-қараш оқиғасы», «Бақытсыз Жамал» туындылары дәлел. Қазақ қыздарын бесіктен белі шықпай жатып, өзінен үлкен немесе танымайтын кісіге отастырмақ болуы және зорлық-зомбылықты жиі кездестіреміз. Бұған қоса қызды еркінен тыс алып қашу көбейген,-дейді.
Ал, Өңірлік М.Х.Дулати атындағы университеттің  2 курс студенті Әдемі Берік те әйел құқығының биік болғанын қолдайды:
Феминизм әйел мен еркектің теңдігін көздейді. Нәзік жандылар жыл сайын өздерінің проблемаларымен бөлісу үшін парадтар ұйымдастырып келеді. Қазақ менталитетіндегі таптауындармен күресу маңызды. Бұл тек біздің ғана емес бүкіл әлемдік мәселе. Түбегейлі өзгерістер жақын арада бола қоймасы анық. Сонда қазақ қыздарының әлеуметтік желілерде, қоғамдық орындар да өз құқығы туралы сөз қозғауы мақтаныш деген ойдамын.
Тик ток желісінде «тот самый казах» атымен танымал Адил Адиев екі жақты пікірді ұстанады екен:
Мен бұл қозғалысты қолдаймын, алайда феминизімге бас сұқпаймын. Әйелдер патриархаттың барлық қиындықтарын басынан өткерді және осы күнге дейін әртүрлі бетпе-бет кездеседі. Ер адам болғасын, әйел қауымының кездестіретін қиындықтарымен таныс емеспін. Қазақ атам айпақшы : «Қазаны бөлектін, қайғысы бөлек». Феминизм зорлық-зомбылық пайызын түсіруге, әйел мен еркек алатын жалақы мөлшерін теңдестіруге күш салып келе жатыр. Жылдар бойы біз патриархаттық ұстанымдардың үстелінде отырдық. Өкінішке қарай, әлі сол қалпымызда қалып барамыз.
Өңірлік Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 3 курс студенті Даниярбеков Димаш қоғамда тек әйелдердің ғана зорлық-зомбылыққа ұшырайтыны насихатталады, ал еркектер назардан тыс қалады деген ойда:
Феминизм өте күрделі тақырып, оның бірнеше түрлері бар. Соның ішінде радиакалды феминизм тез өзгерісті қажет етеді. Біздің қоғамымызға бұл жат дүние. Феминизге қарсы емеспін. Бастысы қозғалыс мүшелері еркектердің құқығын жерге таптамаса болғаны. Мен ойымша, біздің бекітілген заңымыз да еркек пен әйел құқығы тең. Ең өкініштісі, қоғамымызда еркектердің де жиі зорлық-зомбылықтан зардап шегетіні туралы айтылмайды. Оған қоса, мемлекетіміз де еркектерге арналған түрмелердің қолайлы еместігі мен ерлер арасындағы үлкен жұмыссыздық мөлшерін қосақ болады.
 

М.Х.Дулати атындағы конвергенттік журналистика

3 курс студенті

Әбдіқайымова Жанел

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар