сенбі, 23 қараша, 2024 2:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда 1 шілдеден ішімдік қымбаттайды

Қазақстанда 1 шілдеден ішімдік қымбаттайды
ашық дереккөзі
Қазақстанда 1 шілдеден ішімдік қымбаттайды
Ашық НҚА порталында Қаржы министрінің бөлшек саудада өткізу үшін араққа қойылатын шекті бағаны көтеру туралы бұйрығының жобасы жарияланды. Оған сай, 1 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта ішімдіктердің бөлшек саудадағы ең төменгі құны былай белгіленді:
  • арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 1 980 теңге.
  • коньяк пен брендидің бір литрі – 2 930 теңге.
Ал 1 қазаннан ішімдіктің ең арзан бағасы келесідей болмақ:
  • арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 2 100 теңге;
  • коньяк пен брендидің бір литрі – 3 110 теңге.
Қаржы министрінің бұйрығы 26 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін ведомство басшысына жолданады. Содан соң, яғни 1 шілдеден күшіне енеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар