сенбі, 23 қараша, 2024 9:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту мәселесі талқыланды

Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту мәселесі талқыланды
ашық дереккөзі
Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту мәселесі талқыланды
Түзеу мекемесіндегі еңбек дағдысы – еркін өмірдегі табыс кепілі. Себебі, жабық мекемеде жазасын өтеген жұмысбасты әрбір азамат бостандыққа шыққан соң, қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Ал бұл бағытта ҚАЖ саласының қызметкерлері тарапынан жүйелі жұмыстар ұйымдастырылуда. №26 түзеу мекемесінде өткен дөңгелек үстел барысында сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі кеңінен талқыға түсті. Басқосуға арнайы қатысқан жеке кәсіпкерлер өңірлік ҚАЖ департаменті бастамасымен қолға алынған нақты шаруаларға қолдау білдіретінін жеткізді. Мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Бақтияр Оңбаев түзеу мекемелерімен кәсіпкерлер арасында байланыс орнату маңызды екенін атап өтті. - Сотталғандар бостандыққа шыққан соң, табыс көзін іздейтіні белгілі. Сондықтан, оларды жұмысқа тарту мәселесіне жаза өтеу мерзімінде көңіл бөлінуде. Әрине, бұл бағытта жүйелі жұмыстарда қолға алынды. Десе де, кедергілер де жоқ емес. Сол себепті, әріптестік байланыс аясында бірлесе жұмыс істеп, қиындықтарды бірге еңсеруіміз керек. Осыған орай, туындаған мәселелерді шешу жолын іздеп, қарым-қатынасымызды нығайтуға шақырамын, - деді Б.Оңбаев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар