Мектеп оқуылығын планшет алмастырмақ
Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов кітаптарды электронды форматқа көшіріп, оқушылардың ауыр сөмкелерді тасу мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әлихан Смайылов үкімет отырысы барысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының негізгі тәсілдерін мақұлдаған. Үкімет басшысы министрлерге оның шеңберінде 800 мың оқушы орнына арналған жаңа форматтағы мектептер салу жоспарланғанын еске салды.
«Біз осы ұлттық жобаны іске асыруға жедел кірісуіміз керек. Сонымен қатар, бүгінде өңірлерде 143 мектеп үшін учаскелерді анықтау бойынша мәселелер шешілген жоқ. Бұл жұмысты барынша жеделдету қажет: қазан айының соңына дейін құрылысы 2023 жылға жоспарланған мектептердің және жыл соңына дейін – 2024 жылға жоспарланған мектептер бойынша мәселені шешу керек», - деді Смайылов.
Сонымен қатар, ол оқу процесін цифрландыру үрдісін жеделдету қажет екендігін атап өтті.
«Осыған байланысты оқулықтарды цифрлық форматқа ауыстыруды және балаларды ауыр сөмкелерден босату мәселесін жүзеге асыру қажет. Сондай-ақ, өңірлердің әкімдіктеріне оқушыларды планшеттермен қамтамасыз ету мәселесі тапсырылды. «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп, оларды ауылдық мектептердің балалары үшін сатып алу мүмкіндігін пысықтау қажет», - деп атап өтті премьер-министр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала